Самұрық-2019
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, "Самұрық-2019" зияткерлік білім беру мектебі - сапалы білім ұсынады! Дәстүр мен заманауи технологияларға сүйене отырып, келешекті қалыптастырамыз!
Мектеп оқушыларға шығармашылық ойшыл адам болуға көмектесетін, дербес білім алуға қабілетті, шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін пайдалануда сапалы, бәсекеге қабілетті біліммен қамтамасыз етеді.
Білім алудан бөлек, қызықты және инеллектуалды ойындармен жарыстар ұйымдастырылады.
Біздің мектеп асханасы мектеп оқушылары мен қызметкерлерін сапалы тамақпен заманауи қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Тұлға дамуының алты бағыты.
Біздің мектеп, математика бағытынан дәрежелі оқытушылармен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Кәзіргі замандағы тілдер ішінен білу керек деген, минимумымы болатын, ағылшын тілінен күшейтілген дайындық жүреді.
Білімнен бөлек, адам баласын рухани дамыту жолдардың бірі - музыка, және де т.б. шығармашылық пәндері.
Кітапхана көптеген ғылыми және көркем шығармалармен жабдықталған. Сіздің балаңыз әрқашан өзіне ұнайтын қызықты кітаптарды таба алады.
Адамзат тарихын білу, әр тұлғаның парызы. Балаларға еліміздің тарихы, сондай ақ әлемдік тарих туралы оңай және қолжетімді ақпарат беріледі.
Балалардың мектептен тыс жерлерге шығуы жүйелі түрде ұйымдастырылады. Қазба жұмыстары, өңіріміздің тарихи орындарына бару, сондай-ақ спорттық іс-шаралар. Бұл өмір салтына, сондай-ақ балалардың денсаулығына позитивті әсер етеді.
«Самұрық-2019» өз тарихының бастауын 2019 жылы бастауыш мектеп болып ашылып. Жаңа мектептің құрылысы 2019 жылы аяқталып пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген жылы: 2019 жылы ашылған, типтік ғимаратта орналасқан 2 қабатты орта мектебі. Мектептің сыйымдылығы 235 орын.
Жалпы мектептің ауданы, құрылыс көлемі 766,8 ш.м.
Білім беру ұйымының орналасқан жері:160900, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаша қаласы, Т.Сманова көшесі,құрылыс 3А
Материалдық техникалық базамен 100% қамтамасыз етілген